Наурызбай ауданы бойынша 28 бастауыш партиясының арасында өткен конкурста клиникамызға қарасты "Шипагер" бастауыш партиясы 1 орын алды. 
Сайыс екі кезеңнен тұрған. Бірінші бөлімде жыл басынан бері бастауыш партияларының "Нұр Отан" партиясының бағдарламалары мен тұғырнамалары бойынша атқарған жұмыстары сарапқа салынса, екінші кезеңде жеке тұлғаның жұмыстарына баға берілген. Соның қорытындысы бойынша "Шипагер" бастауыш партиясы мен оның хатшысы Қапашев Бейбіт Илашұлы жеңімпаз атанды.